logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Aktobe оқушылары Infomatrix Asia-2025 халықаралық байқауында 2 алтын медаль жеңіп алды

31 наурыз 2025 11:13

Бүгін Астанадағы «Spectrum» халықаралық мектеп базасында өткен «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауының қорытындылары шығарылды. Екі күндік IT жарыстарының нәтижесінде Ақтөбе НЗМ оқушылары 2 алтын медаль жеңіп алды!

11 сынып оқушылары Бердышев Керей, Ғабитов Абдулазиз, Мажитов Джафар және Косов Максим жеңімпаз атанды. Біздің оқушылар AI Programming (Жасанды интеллект бағдарламалауы) секциясында сайысты.

Бердышев Керей мен Ғабитов Абдулазиз «HealHunter» жобасымен 1-орынға ие болды.

Дәл осындай жетістікпен Мажитов Джафар мен Косов Максим «Disaster Vision» жобасын қорғап, бірінші орынды жеңіп алды.

Конкурсқа 9 елден 600-ге жуық қатысушы мен 100 жетекші, 210 жоба қатысты.

Айта кетсек, «INFOMATRIX» байқауы— әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік IT оқушылары қатысатын халықаралық компьютерлік жобалар байқау. айқау Румынияда өтетін халықаралық «INFOMATRIX» байқауы негізінде құрылды. Оның мақсаты – «INFOMATRIX-ASIA» ауқымын кеңейту және оқушыларға қатысу мүмкіндіктерін арттыру.