Жаңалықтар
Қалалық AIS Hackathon жарысында NIS Ақтөбе командалары жүлделі орындарға ие болды
09 сәуір 2025 09:49
Жеңімпаздар арасында 11-сынып оқушылары (Бердышев Керей, Косов Максим, Ғабитов Абдулазиз және Мажитов Джафар) 1-орынды, 8-сынып оқушылары (Марат Бексұлтан, Меңдіхан Абылайхан және Садыров Арын) 2-орынды иеленді.
Хакатон қатысушылары 36 сағатты инновация, шығармашылық және командалық жұмыс атмосферасында өткізді. Олар «Кешігіп қалумен күресудегі жасанды интеллект және робототехника: болашақ мектебінің смарт технологиялары» тақырыбында инновациялық шешімдер жасады.
Біздің 11 сынып оқушылары «Qatysu» жоба ұсынды. Бұл оқушылардың сабаққа қатысуының ақылды жүйесі.
«Біздің жоба аппараттық бөліктен (бет-әлпетті тану үшін жасанды интеллект бар смарт камера) және бағдарламалық бөлімнен (студенттер мен әкімшілікке арналған веб-сайт) тұрады», - деп атап өтті Керей Бердышев.
Сондай-ақ 8-сынып оқушылары Python коды мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз жобаларын ұсынды.
Мектеп оқушылары 1-2-орындармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Оқушылармызды құттықтаймыз!