logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS бірге оқиық

11 сәуір 2025 09:25

«NIS бірге оқиық» желілік жобасы аясында NIS Aktobe кітапханашылары мен куратор бірлесіп Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» шығармасы негізінде танымдық іс-шара ұйымдастырды.

7 «С» сынып оқушылары кітап мазмұнын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мәтінді талдау үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал ететін және шығармалардың моральдық аспектілерін түсінуге бағытталған «Құндылықтар сөздігі» әдісі қолданылды.

Шығармада достық және адамгершілік сынды маңызды тақырыптар қозғалады. Қатысушылар бұл құндылықтардың кейіпкерлердің өмірінде және шынайы өмірде қалай көрініс табатынын талқылады.