Жаңалықтар
"Зияткер" - 1 орынды еншеледі
12 сәуір 2025 09:47
Бүгін 7 айға созылған волейбол чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ата-аналар, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлердің арасында волейбол чемпионатының қорытынды ойыны өтті.
Бұл жарыс – ұрпақ ерлігіне деген құрметің, спорт пен бірліктің жарқын көрінісі болды.
Финалда ең үздік командалар кездесті- «Құлан», «Зияткер», «Асыл» мен «Барыс».
Тартысты әрі әсерлі ойында «Зияткер» ата-аналар командасы жеңіске жетті. 2 орынға «Құлан» мектеп қызметкерлері командасы иеленді, ал 3 орынды «Асыл» атан-аналар командасы ұтып алды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шынайы эмоциялар, командалық рух пен дәстүрге деген адалдықтары үшін алғыс айтамыз!