Жаңалықтар
"Иттерге арналған баспанаға көмек" қайырымдылық акциясы
14 сәуір 2025 11:27
Мейірімнен басталған – бақытты өмір!
Мектеп жатақханасы мен өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен және мектеп педагог-ұйымдастырушы кураторлардың қолдауымен мектебімізде жыл барысында «Иттерге арналған баспанаға көмек» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл игі шара мектеп оқушыларын, ата-аналар мен мұғалімдерді бір мақсатқа — үйсіз қалған төрт аяқты достарымызға қолдау көрсетуге біріктірді.
«Иттерге арналған баспанаға көмек» жобасы аясында бірнеше маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды:
1. Құйрықты достарымызға арнап жылы әрі берік үйшіктер жасалды – енді олар кез келген ауа райында паналай алатын жайлы орынға ие болды.
2. Иттер аш қалмауы үшін арнайы азықтар сатып алынып, жеткізілді.
3. Вольерлерді жылыту үшін шөп пен сабан тюктері жеткізіліп, төсеніштер дайындалды.
Мұндай әрбір акция – тілмен айта алмайтын жануарларға қамқорлық танытудың бір жолы. Жобаға жүрегімен, ісімен үлес қосқан барша жанға алғысымыз шексіз!
Жақсылық кішкентай іспен басталады, бірақ оның күші – шексіз!


