logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Түлек Ансар Әбсыдықтың жеке көрмесі

14 сәуір 2025 15:05

Бүгін мектебімізде шабытқа толы ерекше оқиға өтті — майлы бояумен сурет салуға өмірін арнаған түлегіміздің жеке көрмесі. Бұл тек сурет туындыларының көрмесі ғана емес, сезім мен ойдың, өзін-өзі табуға ұмтылудың көркем әлемі.

Мерекенің басты кейіпкері — 12 «F» сынып оқушысы Ансар Әбсыдық. Оның әрбір туындысы — өз алдына хикая, толқынысқа, терең ой мен шабытқа толы. Көрменің негізгі тақырыбы — импрессионизм стилінде салынған пейзаждар. Күн батар сәттер, аспан, ормандар мен ауыл табиғаты — әрбір қылқалам ізі ерекше көңіл күй мен жұмсақ поэтикалық сезімге толы.

Көрменің ашылу салтанатына жас суретшінің туыстары мен жақындары қатысып, Ансардың талантына тәнті болды.

Бұл көрме — суретшінің жылдар бойғы еңбегі мен өнерге деген шынайы махаббатының нәтижесі. Ансар өз ішкі әлемін көпшілікпен бөлісуді шын жүректен қалады.