logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Aktobe қазақ тілі пәні мұғалімі - оқу сауаттылығы бойынша үздіктер қатарында

15 сәуір 2025 12:01

Ақтөбедегі НЗМ қазақ тілі пәні мұғалімі – оқу сауаттылығы бойынша үздіктер қатарында!

Астана қаласында өткен республикалық «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» байқауы еліміздің 200 үздік педагогінің басын қосты: 100 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі және 100 математик. Ақтөбе облысынан 10 мұғалім қатысып, өңір намысын қорғады. Олардың қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Марзия Танжарикова да болды.
Марзия Сырлыбайқызы жұптық кезеңге қатысып, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Марат Нажмадиновпен бірге деңгейін көрсетті. Бұл тандем өз шеберліктерін дәлелдеп, ІІ орынды иеленді!
Байқауға қатысушылар іріктеу кезеңінде оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілеттері бойынша сынақтан өтіп, финалда қазақ тілі, қазақ әдебиеті және математика пәндері бойынша күрделі тапсырмаларды орындады.
Екінші кезеңде әр өңірдің құрама командалары логикалық есептерден құралған 120 тапсырманы шешуде бақ сынасты.
Айта кетейік, Ақтөбе облысының құрама командасы байқау қорытындысы бойынша жүлделі III орынды жеңіп алды!


Бұл байқау мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға, логикалық ойлау мен нақты есептеуге бейімдеуге бағытталған және алғаш рет ауқымды форматта – үлкен аренада өткізілді.

Біз ұстазымызбен мақтанамыз!