logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Кітап әлемді бағындырады» атты дәстүрлі акциясы

23 сәуір 2025 15:05

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап әлемді бағындырады» атты дәстүрлі акция өтті!

Жыл сайын 8-сынып оқушылары мен мектеп қауымдастығының қатысуымен өтетін бұл ерекше шарада әр қатысушы алдын ала белгіленген жұбына кітап сыйлап, білім мен руханиятты дәріптейді.

Кітап – тек ақпарат көзі ғана емес, достық пен ізгі ниеттің көпірі. Осы акция арқылы оқушылар бір-біріне көңіл бөліп, кітап арқылы ой бөлісті. Бұл – білімге деген құштарлықты арттырудың, оқуға деген сүйіспеншілікті оятудың тамаша тәсілі.