logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

"Қоғамға қызмет ету және тәлімгерлік" жобалар көрмесі

23 сәуір 2025 16:16

Мектебімізде қоғамға қызмет ету және тәлімгерлік тақырыбында алғашқы рет өткізілген міндетті жобалар көрмесі үлкен шабытпен бастау алды.

Бастамасы өте жоғары деңгейде өтті – оқушылардың жасаған жұмыстары терең мағынаға толы, қоғамға пайда әкелетін жобаларды аша білді.

Олар өз идеяларын нақты іске айналдырып, өз ортасына шынайы әсер етуге тырысты. Жобалар арасында еріктілік бастамаларынан бастап, кіші сынып оқушыларымен жұмыс, қарттарға көмек көрсету, экологияны сақтау бағытындағы жұмыстар болды.

Әр жоба – оқушының жүрегінен шыққан, қоғамға деген жанашыр көзқарасының, жауапкершілігі мен белсенділігінің дәлелі.