logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

"Көктемгі вернисаж" атақты суретшілердің ізімен

28 сәуір 2025 15:45

Ақтөбе қаласындағы НЗМ-де атақты суретшілердің шығармашылығынан шабыт алған «Көктемгі вернисаж» атты жалпы мектептік көрме өтті. Көрме мектептің бірінші қабатының қабырғаларын жандандырып, бүкіл мектеп қауымдастығының назарын аударды.

Көрмеде оқушылардың дүниежүзілік классиктер мен заманауи шеберлердің стилінде орындалған жұмыстары қойылды. Авторлардың қатарында өнерге әуес жас жеткіншектер де, шығармашылық жолын енді бастағандар да бар.

Оқушылар түс, форма және бейне арқылы Ван Гог, Пикассо, Моне және басқа да ұлы суретшілердің стильдерін өзінше түсіндірді.

Көрменің құрметті қонақтары – Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, суретшілер Ирина Викторовна Курманалина, Алмас Мұхтарұлы Курманалин және Айдар Еспаев болды.

Қонақтар оқушылардың жұмыстарына тәнті болып, оларға шығармашылық табыс тіледі.

Барлық өнер сүйер қауымды оқушыларымыздың түрлі бағыттарда батыл ізденіп, өз шығармашылық үнін табуын тамашалауға шақырамыз.