logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

"Tasty Books" дәмді кітаптар фестивалі

29 сәуір 2025 14:42

Жыл сайын мектеп кітапханашыларының бастамасымен 7-сынып оқушыларының арасында өтетін Tasty Books фестивалі биыл да өз жалғасын тапты.

Кітапханада нағыз аспаздық пен әдебиет тоғысқан ерекше шара өтті! Бұл мереке — поэзия мен прозаны сүйетін ақындар, жазушылар, кітапханашылар, иллюстраторлар және оқырмандар бас қосатын үлкен мәдени алаң.

Оқушылар үйлерінен жартылай дайын өнімдер әкеліп, сүйікті кітаптарына арнап торттар дайындады.

Биыл фестивальге тоғыз 7-сынып қатысты. Нәтижесінде:

Гран-при — Клайв Стейплз Льюистің «Нарния шежірелері» кітабымен 7В сыныбына бұйырды.
1 орын — Джек Лондонның «Ата-баба дауысы» кітабымен 7Н сынып;
2 орын — Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» кітабымен 7F сынып;                                3 орын — Дж. Р. Р. Толкиннің «Хоббит» кітабымен 7G сынып иеленді.

Сонымен қатар, келесі 5 сынып арнайы номинациялармен марапатталды:
«Ғарыштық жылдамдық үшін»                                                                                                                        «Үздік презентация үшін»
«Топтық жұмыс үшін»
«Жеңіске деген жігері үшін»
«Тақырыпқа сәйкестігі үшін».