logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Dance battle- «Kazakh ethno groove»

30 сәуір 2025 11:21

29 сәіур – Халықаралық би күніне орай Ақтөбе қаласындағы NIS мектебінде дәстүрлі NIS Dance Battle өтті.

Би сайысының тақырыбы - «Kazakh ethno groove». Шаңырақтар этникалық әуен мен заманауи ырғақты үйлестіріп, тек қана қозғалыстың дәлдігін емес, сонымен қатар өз идеяларын бидің көмегімен жеткізе білу шеберліктерін де көрсетті. Айта кету керек, жыл сайын баттлдың тақырыбы өзгеріп отырады және басты мақсат — оқушылардың өз ойларын би арқылы көрерменге жеткізуі.

Әрбір өнер көрсетілім ерекше болды: кейбірі — отты билерімен, ал енді бірі — лирикалық этно-композицияларымен, ұлттық киімдер мен заманауи хореографияны ұштастыра білді.
Көрермендер қол шапалақтап қошемет көрсетті, ал қазылар алқасы эмоцияларын жасыра алмады!

Қазылар шешім қабылдауға кеткен кезде, сахна бір сәтке караокеге айналып, көңілді импровизация мен әнге толды.

Би сайысының нәтижелері:

Гран-при — «Озат» шаңырағы.
1 орын — «Ақ Орда»
2 орын — «Болашақ» және «Бірлік»
3 орын — «Асыл», «Алаш» және «Барыс» шаңырақтары иеленді!

Жеңімпаздар мен кураторларды шын жүректен құттықтаймыз!

Сондай-ақ, мектебіміздің хореографы Зердегүл Зейнуллаевнаны кәсіби мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!