«Business Komek» - Қазақстандағы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында құрылған цифрлық платформа. Бұл сайт арқылы қолданушылар бизнес жүргізудің төрт негізгі бағыты бойынша кеңестер мен ақпарат ала алады: бизнес-жоспар құру, маркетинг, инвестиция тарту және бухгалтерлік есеп жүргізу. Сондай-ақ, жобада кәсіпкерлердің тәжірибе алмасуы мен өзара кеңес беруі үшін Discord қосымшасы негізінде жасалған ыңғайлы чат жүйесі іске қосылған. Чаттар бизнес түрлеріне қарай топтастырылған, сондықтан әрбір кәсіпкер өз саласына сай орта таба алады — мысалы, сұлулық салонының иесі дәл осы салаға арналған чатқа қосыла алады.
«Біз бұл жобаны Қазақстан экономикасын нығайтуға үлес қосу үшін және кәсіпкерлік пен цифрлық технологиялар саласына деген қызығушылығымыздың арқасында таңдадық. Біз жас кәсіпкерлер — заманауи экономиканың негізгі қозғаушы күші деп сенеміз және біздің платформамыз олардың өз ісін сенімді бастауына және дамытуына көмектеседі», - дейді жас зерттеушілеріміз.