logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Даналық бейсенбі: Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған

01 мамыр 2025 12:40

NIS Aktobe мектебінде «Даналық бейсенбі» жобасы аясында қазақ халқының ержүрек қызы, Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды кездесу өтті.

Шараға арнайы қонақтар – Қаумешов Бекзат Болатұлы, Әлия-Мәншүк атындағы «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі және Байдербес Ақмарал Ғалымжанқызы, бірлестіктің үйлестірушісі шақырылды.

Ақмарал ханымның әкесі, Байдербес Ғалымжан — батыр қыздың есімін ұлықтауға өмірінің 40 жылдан астам уақытын арнаған, өшпес мұра қалдырған тұлға. Кездесу барысында қонақтар Әлияның ерлігі, рухы және болашақ ұрпаққа қалдырған өнегесі туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

Бұл кездесу оқушыларға патриотизм, рухани құндылықтар және тарихты құрметтеу туралы терең ой салып, ерекше әсер қалдырды.