Жаңалықтар
NIS Aktobe оқушысы экономика пәні бойынша республикалық олимпиадада II дәрежелі дипломмен марапатталды
05 мамыр 2025 11:45
Мектебіміздің оқушысы Жұбатқан Айым экономика пәні бойынша өткен Республикалық олимпиадада II дәрежелі дипломмен марапатталды!
Білімге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында Айым 2025 жылдың жазында Грекияда өтетін Халықаралық экономика олимпиадасына қатысуға жолдама жеңіп алды!
Оған алдағы жарыстарда сәттілік, шабыт және әлемдік деңгейдегі биік жетістіктер тілейміз!