Жаңалықтар
NIS Aktobe оқушылары Астанада өткен конференцияда жоғары нәтиже көрсетті
05 мамыр 2025 15:00
26 сәуір күні Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде IV Жыл сайынғы желілік GPPW Economics Conference өтті.
Конференция барысында 11-сынып оқушылары өздерінің зерттеу жобаларын ағылшын тілінде кәсіби қазылар алқасының алдында қорғады.
НЗМ Ақтөбе оқушылары өз жұмыстарын сәтті қорғап, келесі номинациялар бойынша марапатталды:
Ең үздік ауызша презентация (BEST ORAL PRESENTATION) — Шадеева Арайлым
Ең үздік зерттеу жұмысы (BEST RESEARCH PAPER) — Бақытжан Гаухар, Жаңбырбаев Дәулет
Ең терең идея (MOST INSIGHTFUL IDEA) — Хамидулла Ақжан
Ең креативті жоба (MOST CREATIVE PROJECT) — Төлеубай Темірлан
Жетістіктерімен құттықтай отыра, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!