Жаңалықтар
«Қане, жігіттер!» сайысы
10 мамыр 2025 17:07
Отан қорғаушылар күніне орай 11-сынып оқушылары арасында «Қане, жігіттер!» атты сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа 4 команда қатысып, әрқайсысы өз күшін, ептілігін, тапқырлығы мен командалық рухын көрсете білді.
Жігіттер спорттық эстафеталарда, викториналарда жарысып, бірлесе әрекет ету қабілеттерін танытты. Сонымен қатар, әскери өмірге тән арнайы сынақ – картоп тазалау сайысынан өтті. Бұл кезеңде олар шынайы бәсеке рухын, тәртіп пен әзіл-қалжыңға толы көңіл күйді паш етті.
Әр кезең есте қаларлықтай қызықты өтті, залда күлкі мен қошеметке толы атмосфера орнады.
Барлық жеңімпаздарды және қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым ісімен де, сөзімен де, болмысымен де нағыз қорғаушы бола білулеріңізге тілектеспіз!