logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жас мұғалімдер сайысы

14 мамыр 2025 16:20

Жыл бойы Жас мұғалімдер мектебінде Мария Ахметованың жетекшілігімен білім алған жас педагогтар өздерінің кәсіби шеберлігін, креативтілігін және педагогикалық өнерін көрсетті.

Қатысушылар жұппен жұмыс жасады.
Әр жұп жасанды интеллект тақырыбында бейнероликтер мен кіріктірілген сабақтардың фрагмент жоспарын ұсынды. Сонымен қатар жас мұғалімдер үшін зияткерлік квиз ұйымдастырылып, онда олар тапқырлықтары мен білімдерін танытты.

Жас педагогтардың креативті тәсілдері олардың кәсібилігін ғана емес, сонымен қатар пәндер арасындағы байланысты тиімді қолдана алатындықтарын көрсетті.

Бұл байқау тәжірибе алмасуға, шабыт алуға және кәсіби қауымдастықты нығайтуға тамаша алаң болды.

Байқау нәтижелері:
1-орын — Әбджәлел Гүлден мен Матебаева Аружан
2-орын — Нұрмагамбетова Элеонора мен Аманжан Расима
3-орын — Сарсенбаева Гаухар мен Исакаев Жаслан

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Педагогикалық жолдарыңыздағы әр қадам сәтті де шабытты болсын!