Жаңалықтар
ICT skills - IV облыстық байқау
16 мамыр 2025 15:30
Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінде информатика және робототехника пәні мұғалімдеріне арналған дәстүрлі IV облыстық ICT Skills байқауы өтті!
Байқаудың мақсаты – заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру процесінде тиімді қолдана алатын, кәсіби дамуға ұмтылатын шығармашыл ұстаздарды анықтау және тәжірибе алмасу алаңын құру.
Байқауға облысымыздың түрлі мектептерінен келген мұғалімдер қатысты:
- «Білім» мектеп-гимназиясы
- №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі
- №9 мектеп-гимназия
- Smart Bilim
- №49 мектеп
- №56 жалпы білім беретін мектеп
- №18 орта мектеп
- «Bilim» мектеп-гимназиясы
- Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 IT-МЛ
- Тасөткел орта мектебі.
Қатысушылар келесі бес құзыреттілік бойынша бақ сынады:
Робототехника
Веб-әзірлеу (frontend / backend)
Желі жобалау және модельдеу
Олимпиадалық бағдарламалау
Мобильді қосымшалар әзірлеу
Байқау барысында мұғалімдер жоғары дайындық деңгейін, креативті көзқарасын және АКТ-ны нақты оқу үдерісінде қолдана алу қабілетін көрсетті. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың әдістемелік сауаттылығына, жаңашылдығына және технологиялардың өзектілігіне ерекше назар аударды.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, барлық қатысушылар кәсіби өсуін растайтын сертификаттарға ие болды.