Жаңалықтар
Workout Fest
16 мамыр 2025 16:50
Мектеп стадионында спорт пен төзімділіктің нағыз мерекесі — Workout Fest ұйымдастырылды!
Оқушылар 6 түрлі жаттығу бойынша нормативтерді тапсырып, өздерінің физикалық дайындығын көрсетті:
1. Турникке тартылу
2. Жерге жатып-тұру (отжимание)
3. Орнынан ұзындыққа секіру
4. Асық ату — дәлдікті талап ететін ұлттық ойын
5. Планка — төзімділікті сынау
6. Бестас — күш пен ептілікті қажет ететін қазақтың дәстүрлі ойыны
Әрбір сынақ — күш, ептілік, төзімділік пен дәлдікті тексеруге бағытталды. Оқушылар жоғары физикалық дайындықпен қатар, командалық рухты, бірін-бірі қолдауды және жеңіске деген ынтасын көрсетті!
Ең үздік нәтижелер көрсеткендерге қошемет пен алғыс хаттар табысталды.
Фестиваль барлық қатысушыларға қуат пен сергектік сыйлап, өздерін сынап көруге, өзгелерге үлгі болуға үлкен мүмкіндік берді.
Белсенділік танытқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!