logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Йорк университетінің доценті Энди Чироцкий НЗМ мұғалімдеріне семинар өткізді

19 мамыр 2025 16:00

14-16 мамыр аралығында мектебімізге білім саласындағы кітаптар мен мақалалардың авторы, Ұлыбританиядан Йорк университетінің доценті Энди Чироцкий келді.

Осы сапар аясында ағылшын тілі кафедрасы қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне семинар ұйымдастырды, онда біздің мұғалімдер Айнагүл Уразалина, Асия Аманбаева және Аяжан Өтегенова зерттеулері туралы айтып, халықаралық конференцияларға қатысудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, үш күн ішінде Чироцкий мырза әріптесіміз ЕралыБайжановпен, НЗМ мұғалімдеріне арналған «Рефлексивті зерттеу тәжірибелері» тақырыбында семинар өткізді, онда рефлексияның маңызы мен түрлері, мұғалімдердің зерттеу тәжірибесіндегі рефлексияның рөлі және іс-әрекетті зерттеу мәселелері талқыланды.

Семинар барысында оқытушыларымыз келесі оқу жылына арналған ғылыми жобалардың жоспарларын талқылап, ғалымнан кері байланыс ала алды. Кездесулердің қорытындысы бойынша Чироцкий мырза мектепте жүргізіліп жатқан зерттеулердің жақсы деңгейін атап өтіп, НЗМ тәжірибесін халықаралық басылымдар мен конференцияларда көбірек таратуды тіледі.