Жаңалықтар
"Жаңғырық" мектеп конфренциясы
19 мамыр 2025 16:12
Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің тәжірибе мен идеялар алмасуына арналған жарқын кәсіби алаңға айналған «Жаңғырық» атты мектепішілік педагогикалық конференция өтті.
Шара мектеп педагогтарын үш негізгі бағыт бойынша біріктірді:
1. Психология және оқушыларды қолдау;
2. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;
3. Оқыту әдістері, бағалау және тәрбие жұмысы.
Конференцияға қатысушылар өздерінің практикалық жетістіктерін, зерттеу жобаларын және инновациялық тәсілдерін ұсынды. Негізгі назар заманауи педагогикалық сын-қатерлерге және оларды шешудің тиімді стратегияларына аударылды.
Ашық диалог форматы мұғалімдерге тек сындарлы кері байланыс алуға ғана емес, сонымен бірге оқу процесінің сапасын жақсартуға бағытталған ортақ талқылауларды бастауға мүмкіндік берді. Ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, идеяларды талқылап, кәсіби дамудың жаңа жолдарын ұсынды.
Мұндай іс-шаралар корпоративтік мәдениетті нығайтуға, педагогтердің зерттеушілік және рефлексивтік қызметін дамытуға, сондай-ақ мектептегі білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
«Жаңғырық» конференциясы — жаңашылдық пен прогрессивті дамуға ұмтылған педагогикалық қауымдастықтың дауысы.