Жаңалықтар
КҮЙТАП: интеграциялық сабақ - өнер мен тарихтың үндестігі
23 мамыр 2025 09:38
NIS Ақтөбе мектебінде 8 сыныптарда ерекше форматтағы кіріктірілген ашық сабақ өтті. «КҮЙТАП» деп аталған бұл сабақ домбыра, қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерін тоғыстырды.
Сабақтың басты тақырыбы — 19 ғасырдағы қазақтың күй өнерінің алтын дәуірі.
Оқушылар күй арқылы ұлттық мәдени мұрамызды зерттеп, тарихи және әдеби деректерге сүйене отырып, өткен ғасырлардағы өнердің мәнін түсінуге тырысты.
Сабақ барысында:
- Д.Рамазанның «Қос ішек» әңгімесі мен С.Жүнісовтің «Ақан сері» романынан үзінділер талданды;
- Күйші-композиторлар шығармашылығы сарапқа салынды;
- Квиз форматындағы тапсырмалар арқылы оқушылар логикалық ойлау мен есте сақтау дағдыларын шыңдады.
Оқушылар топпен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізуге, пікір алмасуға, тың идея ұсынуға мүмкіндік алды.
Мұндай интеграциялық сабақтар — тек білім ғана емес, ұлттық өнер мен құндылықтарды терең ұғынуға бағытталған маңызды тәжірибе.