Жаңалықтар
«Домбыра» жобасының есептік концерті
29 мамыр 2025 10:54
Бүгін Ақтөбе қаласындағы НЗМ 7-сынып оқушыларына арналған міндетті «Домбыра» жобасының есептік концерті өтті.
Жетінші сынып оқушылары оқу жылы бойы меңгерген шеберліктерін көрсетіп, ұлттық аспапта орындау өнеріндегі жетістіктерімен бөлісті.
Бүгінгі таңда оқушылар бағдарлама бойынша міндетті 4 күйді – «Кеңес», «Келіншек», «Жастар биі», «Тепеңкөк» күйлерін меңгерді. Сонымен қатар, олардың репертуарында «Еркем-ай», «Нәр ағашы», «Адай», «Балбырауын» және «Ер тұран» секілді күйлер де бар.
Концерт барысында скрипкамен «Shape of you» әні шырқалып, оркестр «Ақжелең» күйін орындады
Айта кетейік, бұл іс-шара – оқушыларға ұлттық құндылықтарды сіңіру мен қазақ музыкасына деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталған бірегей білім беру жобасының қорытындысы болып табылады.
Жобаның мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету, Қазақстанның мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті дамыту.
Оқу жылы барысында оқушылар музыкалық өнердің негіздерін меңгеріп, қазақ күйлерін тыңдау, талдау және орындау арқылы халықтың тарихы мен философиясы, рухани байлығымен танысты.
Концерттің соңында белсенділік танытқан және жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.
Бүгінгі концерт – тек оқу жұмысының қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақ арасында қазақстандық мәдениетті сақтау мен насихаттаудағы маңызды қадам.