Жаңалықтар
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы мектепшілік көрме
30 мамыр 2025 16:37
Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2024–2025 оқу жылының білім беру қызметінің қорытындыларына арналған жалпы мектепішілік көрме өтті.
Бұл маңызды іс-шара педагогикалық ұжым мен оқушылардың бір жылдық еңбегінің нәтижелерін көрсетіп, тәжірибе алмасуға арналған ашық алаңға айналды.
Көрмеде келесі бағыттар ұсынылды:
- академиялық үдерістің ерекшеліктері мен білім беру қызметінің нәтижелері;
- оқушылар мен педагогтердің зерттеу жұмыстары;
- тәрбие жұмысының негізгі жобалары;
- НЗМ тәжірибесін жалпы білім беретін және тірек мектептеріне тарату;
- кітапхананың инновациялық қызметі;
- оқушылардың кәсіби бағдарлануы бойынша жұмыс;
- жатақханадағы өмір мен бос уақытты ұйымдастыру.
Көрме тек оқу жылының нәтижелерін көрсетумен шектелмей, ашық диалог алаңы болмақ: қонақтар мектеп әкімшілігімен еркін тілдесіп, мұғалімдерге сауалдарын қойып, оқушылардың өздерінен тікелей әсерлері мен пікірлерін тыңдай алды.