logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS қызметкерлері арасында Спартакиада-2025 өз мәресіне жетті

04 маусым 2025 15:06

NIS – 2025 қызметкерлерінің дәстүрлі желілік спартакиадасы Ақтөбе қаласындағы ФМН НЗМ-де жоғары деңгейде өтті!

Азартқа, командалық рух пен спорттық бірлікке толы атмосферада өткен бұл шара шын мәнінде ұмытылмас сәттерге толы болды.

Екі күнге созылған жарыста қатысушылар 5 спорт түрінен бақ сынасты:

  • футзал

  • волейбол

  • тоғызқұмалақ

  • үстел теннисі

  • жүзу

Еліміздің әр аймағынан келген қызметкерлер мен мұғалімдер ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерлерін, жоғары спорттық дайындықтарын көрсете білді.

Жалпыкомандалық есеп бойынша:
1-орын — Ақтөбе қаласы, ФМН НЗМ
2-орын — Астана қаласы, Халықаралық мектеп
3-орын — Орал қаласы, ФМН НЗМ

«Үздік ойыншы» (MVP) номинациясы бойынша марапатталғандар:

— Футзал: Аюпов Темірлан (Орал ФМН) және Курбанкулов Арнұр (Шымкент ХБН)
— Волейбол: Кахаров Акмал (Түркістан ХБН) және Ескарин Самғат (Ақтөбе ФМН)

Спартакиада – бұл тек жарыс қана емес, спорт пен шабыттың, командалық рух пен бірліктің нағыз мерекесі болды!
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, ал қатысушыларға — жоғары энергия мен әсерлі эмоциялар үшін алғыс білдіреміз!