Жаңалықтар
Өзін-өзі талдау. Даму. Қолдау.
05 маусым 2025 09:12
NIS Aktobе-де 7–8-сынып оқушылардың презентация түріндегі есеп беру кездесулері өтті. Бұл формат өзін-өзі тану, өзін-өзі тәртіпке келтіру, сондай-ақ оқушы, ата-ана және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
⠀
Әр оқушы оқу кезеңіндегі жетістіктерін саралап, өз табыстары мен жақсартуды қажет ететін тұстарын таныстырды.
⠀
Кездесу жылы және ашық атмосферада өтті — кездесуге ата-аналар да қатысып, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінен кері байланыс алды.
⠀
Оқушылар келесі бағыттар бойынша ұсыныстар алды:
— Оқу үлгерімін жақсарту;
— Жеке дамуға қатысты кеңестер;
— Бос уақытты тиімді өткізу нұсқалары.
⠀
Мұндай іс-шаралар оқушыларға өз жетістіктеріне сырт көзбен қарап, жаңа мақсаттар қоюға мүмкіндік береді.