Жаңалықтар
NIS Aktobe түлектеріне аттестат табысталды
17 маусым 2025 15:30
Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектерге салтанатты түрде аттестат табысталды. Бұл әсерлі шара 152 түлекке үлкен өмірге қадам басуға жол ашып, білім ордасымен қоштасу сәтінің куәсі болды.
Айта кетерлігі, биылғы түлектердің ішінен 7 оқушы – «Үздік аттестат» иегері атанып, білім мен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Салтанатты жиында мектеп директоры Қайырбек Буксукбаев өткен оқу жылының маңызды жетістіктеріне тоқталып, түлектерге ақжарма тілегін арнады. Сонымен қатар, мектеп өміріне белсене араласқан ата-аналарға Алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі ерекше құрметке ие болды.
Білім жолындағы алғашқы белес сәтті аяқталды. Түлектерге сәт сапар тілейміз!