Жаңалықтар
ҚХР Ақтөбе қаласындағы елшілігінің Бас елшісі NIS Aktobe-де қонақта
27 маусым 2025 15:44
Бүгін Ақтөбе қаласындағы НЗМ мектебінде Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы елшілігінің Бас елшісі Го Юй мырзамен кездесу өтті.
Кездесуге ҚХР консул-атташесі Цзинь Вэньцзин, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ жанындағы Конфуций институтының қытай тарапынан директоры Ху Гуолян және
қазақстандық тарапынан Конфуций институтының директоры Қантөреұлы Дәулет қатысты.
Құрметті қонақтарды мектеп директоры Қайырбек Буксукбаев қарсы алып, олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырып, оқыту үдерісімен таныстырды.
Кездесу барысында екіжақты серіктестік бағыттары талқыланып, ашық әрі достық диалог үшін ризашылық білдірілді.
Бұл кездесу — халықаралық байланысты нығайтудың және білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды қадамы болды.