logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтөбе НЗМ оқушысы географиядан халықаралық олимпиададан күміс медальмен оралды

01 тамыз 2025 15:53

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен беделді International Geography Olympiad – iGeO халықаралық география олимпиадасына әлемнің 47 елінен 200-ден астам жас дарындар қатысты.

Биыл Қазақстан құрамасы сапында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Калмагамбетов Алихан ел намысын қорғады.

Географияны терең меңгерген ең мықты оқушыларды анықтауға бағытталған байқау үш кезеңнен тұрды: теориялық жазбаша тест, интерактивті мультимедиалық тапсырмалар және практикалық далалық тур.

Алихан Қостанай, Талдықорған және Қарағанды қалаларындағы НЗМ-нің дарынды оқушыларымен бірге ұлттық іріктеуден өтіп, байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді. Бұған дейін ол EGEO-2025 Еуропалық география олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, бұл беделді білім сайысы 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың басты мақсаты — оқушылардың география мен қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау қабілетін дамыту және елдер арасындағы кәсіби әрі мәдени ынтымақтастықты нығайту.

Биылғы Қазақстан командасының жетекшісі — Ақтөбе НЗМ түлегі Рустам Валеев. Ол 2021 жылы IGeO олимпиадасында Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелген болатын. Бүгінде ол жас географтарға биік белестерді бағындыруына жол ашты.