logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Токио төріндегі қола жүлде

08 тамыз 2025 11:00

Ақтөбе қаласындағы НЗМ-нің 10В сынып оқушысы Шақан Дәулет 3 тамыз күні Жапония астанасы Токиода өткен беделді Asia International Mathematical Olympiad (AIMO) халықаралық математикалық олимпиадасында қола медаль иегері атанды.

Дәулет жарысқа жолдаманы онлайн іріктеу кезеңінде жеңіп алды — бұл кезеңде ол бірінші орын иеленіп, халықаралық додаға қатысуға мүмкіндік алды.

AIMO жыл сайын Гонконг, Тайвань, Қытай, Тайланд, Малайзия, Оңтүстік Корея сынды елдерде өткізіліп, 2000-ға жуық қатысушыны біріктіреді. Биылғы финал Токиода өтті.

Бұл олимпиада Дәулетке білімін шыңдаумен қатар, сыни ойлау қабілетін дамытуға, түрлі елдерден келген үздік оқушылармен тәжірибе алмасуға және жаңа достар табуға мүмкіндік берді.

Қазақстандағы олимпиаданың ресми өкілі – ғылыми-білім беру орталығы «INNOVATION».

Дәулетті шын жүректен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!