logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS-те дәстүрлі тамыз конференциясы өтуде

22 тамыз 2025 11:50

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі NIS тамыз конференциясының басты тақырыбы – «Құндылықтар – білім берудің қозғаушы күші: қазіргі мұғалім нені және қалай үйретеді».

Конференция Зияткерлік мектептердің директорлары мен педагогтерін ортақ диалог алаңында біріктірді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин өз баяндамасында тамыз конференциясының кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ретіндегі маңызын айқындай отырып, білім беру процесінде құндылықтарды қалыптастырудың өзектілігін атап өтті. Әсіресе, құрмет, адалдық, еңбекқорлық, патриотизм мен жауапкершілік, отбасылық дәстүрлер, ашықтық және жаһандық азаматтық секілді құндылықтардың оқушыларды, педагогтерді және ата-аналарды біріктіретін тұтас мектеп ортасын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды.

Жаңа оқу жылында инновациялық орталықтарды, Kiva-ның буллингке қарсы бағдарламасын іске қосу, смартфондарды шектеу және педагогтарды дамыту үшін жаңа жобалар жоспарлануда.

Екі күндік конференция бағдарламасында – мастер-класстар, TEDx NIS, «Fail conference», SEL бойынша пікірталас және білім берудегі құндылықтардың маңызы қарастырылуда.

Тамыз конференциясы тәжірибе алмасудың және болашақ мектебінде шешімдерді бірлесіп іздеудің басты алаңы болып қала береді.