logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Aktobe оқушысы республикалық волейбол жарысында қола жүлдегер атанды

25 тамыз 2025 10:15

3–10 тамыз аралығында Павлодар қаласында волейболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан республикасының чемпионаты өтті.

Ақтөбе облысының құрамасында 10 «F» сынып оқушысы Жан Ермек өнер көрсетті. Жарыс нәтижесінде біздің облыс командасы құрметті 3-орынды иеленді!

Жан Ермек волейболмен 4 жыл айналысып келеді, оның ішінде 3 жыл бойы облыс құрамасының ойыншысы болып табылады. Сонымен қатар, ол — спорт шеберлігіне кандидат (КМС).

Спортшымызды лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыруына тілектестік білдіреміз!