logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Aktobe-де жаңа оқу жыл қарсаңында педагогикалық кеңес өтті

29 тамыз 2025 14:38

Ақтөбе қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі педагогикалық кеңес өтті.

Жиын барысында өткен жылғы жұмыстың қорытындысы жарияланып, алдағы кезеңге қатысты негізгі өзгерістер айтылды.

Мектеп директоры Қайырбек Буксукбаев ұжым алдына жаңа оқу жылына арналған міндеттерді айқындап, оқушылардың білім сапасын арттыруды басты мақсат ретінде атап өтті.

Сонымен қатар, кеңес аясында педагогикалық ұжымға жаңа және жас ұстаздар таныстырылды.