logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жаңа 7 сынып оқушыларына арналған бейімдеу апталығы өз мәресіне жетті

29 тамыз 2025 16:57

Ақтөбедегі НЗМ-де «Өркен» грантының иегерлеріне арналған бейіндік апта өз мәресіне жетті.

Апта бойы оқушылар мектептің ішкі ережелерімен, оқу жүйесімен танысты. Олар үшін арнайы шеберлік сабақтары, мотивациялық кездесулер мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылды.

Адаптациялық кезеңде жаңа шәкірттер бір-бірімен жақын танысып, кураторларын, болашақ ұстаздары мен тәлімгерлерін білді.

Жаңадан келген жетінші сынып оқушылары үшін бейіндік апта жаңа оқу жылын сенімді бастауға мүмкіндік берді. Енді олар мектеп қабырғасында жаңа жетістіктерді бағындыруға дайын!