logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Үйірмелер жәрмеңкесі: өз таңдауыңды жаса!

18 қыркүйек 2025 16:12

Бүгін мектебімізде үйірмелер жәрмеңкесі өтті!

Оқушыларға спорттық секциялардан бастап ең креативті шығармашылық үйірмелерге дейін 20-дан астам бағыт ұсынылды. Әрқайсысы өзіне ұнайтын істі таңдап, қызығушылығына сай үйірме таба алды.

Айта кетейік, қосымша үйірмелер оқушыларға таланттарын ашуға, жан-жақты дамуға, жаңа достар табуға және тіпті болашақ мамандығын таңдауға алғашқы қадам жасауға көмектеседі.

Осындай шаралар шабыт сыйлап, мектептің тек қана сабақ емес, сонымен қатар өзін-өзі дамыту мен жарқын өмір сүру алаңы екенін көрсетеді.