logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Әке өнегесі- ұрпаққа аманат

22 қыркүйек 2025 14:51

Туризм күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана «Әкелер клубының» бастамасымен 9-сынып оқушылары мен олардың әкелері табиғат аясында тағылымды басқосу өткізді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шарада әкелер мен балалар қой сою, ағаш жару, балық аулау сияқты тұрмыстық шаруаларға бірлесе атсалысты. Сондай-ақ арқан тартыс, гір көтеру, тирмен нысана ату секілді қызықты жарыстар ұйымдастырылып, ептілік пен күш сыналды.

«Әке көрген оқ жонар» деген халық даналығын айшықтаған бұл басқосу жас ұрпақтың бойына еңбекқорлықты, отбасылық құндылықтарды және ұлттық дәстүрге құрмет сезімін сіңірген тағылымды іс-шара болды.