logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтөбе NIS оқушысы Халықаралық астрономия және астрофизика байқауында қола медальға ие болды

26 қыркүйек 2025 09:00

Мектебіміздің оқушысы Файзулла Алдияров әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан 12 300 қатысушының ішінен үздіктердің 15%-ына еніп, Халықаралық астрономия және астрофизика байқауында (IAAC) қола медальға ие болды!

IAAC – бұл оқушыларды оқу бағдарламасынан тыс білімін жетілдіруге, күрделі есептерді шешуге және астрономияға қызығушылығы бар әлемдік желімен байланыс орнатуға ынталандыратын халықаралық олимпиада. Байқаудың финалдық кезеңі – ең күрделі сынақ, онда қатысушылар нақты уақыт режимінде онлайн емтихан тапсырады.

Файзулланың өзі байқау жайлы әсерімен бөлісті:
«Олимпиада астрономия мен астрофизикадан онлайн форматта 3 кезеңнен тұрды. Әр кезең сайын сұрақтар қиындай түсті. Ал финалдық тур нақты уақыт режимінде өтті».

Файзулланы дайындаған физика пәні мұғалімі Ұлбосын Дузбаеваға зор алғыс білдіреміз!

Файзулланы лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!