Жаңалықтар
NIS Ақтөбеде әдістемелік бірлестік жетекшілеріне оқу семинары ұйымдастырылды
26 қыркүйек 2025 09:24
2025 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әдістемелік бірлестіктері жетекшілеріне арналған оқу семинары ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында педагогтардың кәсіби дамуының негізгі бағыттары талқыланды: әдістемелік бірлестік жетекшілерінің рөлі мен міндеттерін жетілдіру, сабақтарға бақылау жүргізу және бағалау, кәсіби қауымдастықтарды дамыту, аттестацияның заманауи тәсілдері мен тиімді коммуникация.
Семинар тәжірибе алмасуға, әдістемелік жұмысты нығайтуға және білім сапасын арттыруға бағытталған ортақ шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.




