logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жас ғалымдардың үздік жобалары анықталды

30 қыркүйек 2025 14:25

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде республикалық «Дарын» ғылыми жобалар сайысының мектепішілік кезеңі өтті.

Биыл 100-ден астам оқушы 96 зерттеу жұмысын ұсынып, түрлі бағыттар бойынша өз идеяларын қорғады. Жоба қорғау нағыз ой алаңына айналып, оқушылар тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар креативті ойлау қабілеттерін, заманауи мәселелерді шешуге деген ұмтылыстарын көрсетті.

Нәтижесінде 26 үздік жоба іріктеліп, қазан айында өтетін желілік кезеңге жолдама алды.

Қазылар алқасы ерекше тыңғылықтылығы мен практикалық маңыздылығымен көзге түскен бірқатар жобаларды атап өтті. Олардың ішінде:

Thrive’clan – этномәдениетті үйретуге арналған мобильді ойын, дәстүр мен технологияны тоғыстырған ерекше жоба;

Tulga – күнделікті өмірді жеңілдетуге бағытталған ақылды колонка;

Hydroponic Tower Garden – топырақсыз өсімдік өсірудің экологиялық әдісі;

Digital Poetry – табиғат пен әдебиеттің үндестігін көрсететін шығармашылық жоба.

Бұл жобалар жас ғалымдардың дайындық деңгейінің жоғары екенін ғана емес, сонымен қатар олардың тың ойлай білетінін, жаңа шешім іздеуге талпынатынын және өзгелерге шабыт сыйлай алатынын дәлелдеді.