Жаңалықтар
"123" жобасы- оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру
13 қазан 2025 15:09
Бір ай бойы 7-сынып оқушылары «123» атты жобаның аясында кітап оқуға ерекше көңіл бөлді.
Жоба шарты бойынша, әр күні 20 минут бойы кітап оқып, кейін 3 минут ішінде шағын эссе жазу қажет болды. Бұл тәжірибе оқушылардың мәтінді терең түсініп, өз ойын сауатты жеткізу дағдыларын дамытуға көмектесті.
Осы уақыт ішінде мектеп кітапханасы мен демалыс сәттері шабыт пен оқуға деген қызығушылыққа толы болды.
Бүгін біз жобаның ең белсенді қатысушыларын марапаттадық! Ең көп эссе жазған және оқу белсенділігімен көзге түскен оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
«123» жобасы 7-сынып оқушыларына жаңа кітаптар әлемін ашып, мәнерлеп оқу мен мәтінді терең түсінуге мүмкіндік берді.











