logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы кездесу

16 қазан 2025 15:36

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы елшілігінің Бас елшісі Го Юй мырзамен кездесу өтті.

Кездесу барысында қытай-қазақ гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ мектептің оқу, ғылыми және цифрлық қызметін қолдау мәселелері талқыланды.

Мектептің екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өту мақсатында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы мектепке заманауи интерактивті панельді сыйға тартты.

Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – қытай делегациясын өз ана тілдерінде қарсы алған 8-сынып оқушылары болды. Олар мектептегі қытай тілі элективті курсын меңгеріп жүр.

Білім беру мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға көрсеткен қолдауы үшін Қытай Халық Республикасының Бас елшілігіне алғыс білдіреміз!