Жаңалықтар
Зияткерлер қатарына қабылдау рәсімі
20 қазан 2025 15:54
Ақтөбе НЗМ-де оқу жылының ең әсерлі шараларының бірі – 7-сынып оқушыларын зияткерлер қатарына қабылдау салтанаты өтті!
Жас зияткерлер мерекелік концерт ұйымдастырып, әр шаңырақ өз өнері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Мектеп директоры Қайырбек Буксукбаев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқушыларға ақ тілегін арнап, әрқайсысына НЗМ оқушысының төлқұжатын салтанатты түрде табыстады.
Кештің ең маңызды бөлігі – ант қабылдау сәті болды. Онда жас зияткерлер білімге ұмтылуға, мектеп ережелерін бұлжытпай орындауға және академиялық адалдықты сақтауға ант етті.
Салтанатты іс-шараға оқушылардың ата-аналары мен жақындары да қатысып, қуанышты сәтке ортақтасты.
Биыл зияткерлер қатары 146 жаңа оқушымен толықты!
Жас зияткерлерге жаңа белестер мен зор жетістіктер тілейміз!









