Жаңалықтар
1 орын - IT Girls Hackathon 2025
22 қазан 2025 16:01
Ақтөбе қаласындағы НЗМ-нің 9 “А” сынып оқушылары Бердіғали Нұрай мен Дулатова Айжан IT Girls Hackathon 2025 байқауында 1 орын иеленді!
Қыздарға берілген кейс – әйелдердің босанғаннан кейінгі психологиялық және эмоционалдық жағдайын жақсарту жолдарын іздеу болатын.
Осыған орай олар “Mothers Wellness” атты веб-платформа идеясын ұсынды.
Жобаның мақсаты – аналарға арналған ыңғайлы онлайн кеңістік құру. Мұнда әйелдер психологтардың қолдауын алып, өз күтімі мен бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестермен танысып, өзара тәжірибе және эмоциялармен бөлісе алады.
Нұрай мен Айжанның жобасы қоғамдағы өзекті мәселені шешуге бағытталған жаңашыл идея ретінде жоғары бағаланды.
Оқушыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!