Жаңалықтар
«Ұлт рухы- домбыра үні» атты домбырашылар шеруі
23 қазан 2025 16:15
Бүгін Keruen City сауда және ойын-сауық кешенінде Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің дәстүрлі «Ұлт рухы- домбыра үні» атты домбырашылар шеруі өтті.
Оқушылар ұлттық аспабымыздың киелі үнімен көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, балалар «Күй шертіп, сыйлық ал» атты қызықты ойын ұйымдастырып, қатысушыларға кәдесыйларын табыстады.
Бірнеше жыл бойы NIS оқушылары еліміздің түкпір-түкпірінде осындай бастамалар арқылы ұлттық өнерге құрмет пен сүйіспеншілікті насихаттап келеді. Бұл — домбыра элективті курстарына және «100 күй» мәдени жобасына деген зор қызығушылықтың айғағы.
Іс-шараға ата-аналар да белсене қатысып, оқушылардың өнеріне ризашылық білдірді.



