Жаңалықтар
NIS Aktobe ұстаздары марапат биігінде
24 қазан 2025 16:39
Республика күніне орай Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоғары марапаттарына ие болды.
Срымова Базаргүл Жікебаевна (дене шынықтыру пәнінің мұғалімі) — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Педагогикалық өтілі — 37 жыл, оның 10 жылы НЗМ-де.
Құлшымбаева Нұргүл Естілеуқызы (математика пәнінің мұғалімі) — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Педагогикалық өтілі — 26 жыл, оның 12 жылы НЗМ-де.
Бұл марапаттар – ұстаздардың көпжылдық еңбегінің, кәсібилігі мен адал қызметінің айғағы.
Ақтөбе NIS ұжымы ұстаздарын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!
