logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Ақтөбе делегациясының Invento the Uzbek International School мектебіне сапары

29 қазан 2025 17:10

Әдістемелік бірлестік жетекшілерінен құралған Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің делегациясы Invento the Uzbek International School мектебіне іс-сапар жасады. Бұл – Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы негізінде білім беретін Ташкент қаласындағы беделді оқу орны.

Сапар барысында екі мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бірлескен жұмыс жоспары талқыланды. Тараптар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, оқушылардың халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық іс-шараларға қатысуы, сондай-ақ екі мектептің педагогтерінің ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуы секілді бағыттарды қамтыды.

NIS Ақтөбе ұстаздары серіктес мектептің оқу-тәрбие үдерісімен, заманауи инфрақұрылымымен және оқу ресурстарымен танысып, түрлі бағыттар бойынша пікір алмасты.

Үш күндік сапар барысында делегация мүшелері Түркістан, Ташкент және Самарқанд қалаларының тарихи және мәдени мұраларымен де танысты.

Меморандумға қол қою екі ел арасындағы білім саласындағы байланыстарды нығайтып, мұғалімдердің кәсіби дамуына және оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.

Invento the Uzbek International School және NIS Ақтөбе болашақта да өзара ынтымақтастықты жалғастырып, тәжірибе, идея және үздік педагогикалық тәжірибелермен алмасу алаңын қалыптастыруды көздейді.