Жаңалықтар
ЖББ орта мектеп мұғалімдеріне арналған V облыстық олимпиада
30 қазан 2025 14:47
Бүгін Ақтөбе қаласындағы НЗМ-де жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған ұлы ғалым, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған V облыстық тарих және география пәндері бойынша «Даланың дара дарыны – Шоқан Уәлиханов» атты олимпиада өтті.
Олимпиадаға 17 ауданнан 46 мектептің 84 мұғалімі қатысып, өз білімдерін сынап, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, ұстаздар үшін Quiz зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар қызықты форматта өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Олимпиада жеңімпаздары:
Тарих пәні бойынша:
1 орын- Сағингалиева Бақытгүл Таскинбаева – Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты
2 орын- Рзатаев Жәнтілек Асылханұлы
2 орын- Кәрім Бексұлтан Бекжанұлы – №47 мектеп
2 орын- Темирова Бақытгүл Акимадиновна – №32 гимназия
3 орын- Атамуратова Бибігүл Әбдірахманқызы – №18 мектеп
3 орын- Құшанбаева Шынар Ондасыновна – JOO High School
3 орын- Бақиев Жоламан Қайыржанович – Қопа жалпы білім беретін мектебі.
География пәні бойынша
1 орын- Ұңғарбаев Мейрамбек Аскарович – №69 жалпы білім беретін мектеп
1 орын- Дюсенбаева Гүлзира Үтепергеновна – №1 орта мектеп
2 орын- Аманов Қайрат Сағынбаевич – №2 гимназия
3 орын- Мырзағұл Бекзат Зейінұлы
3 орын- Айтмағанбет Жанболат Оспанұлы – №55 мектеп-гимназия
3 орын- Есетова Қаламқас Маратовна – JOO High School.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ізденістері үшін алғыс білдіреміз!



