Жаңалықтар
Алғашқы көмек көрсету бойынша тренинг
31 қазан 2025 14:56
NIS Ақтөбеде мұғалімдер, кураторлар, зертхана қызметкерлері мен тәрбиешілерге арналған алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту тренингі өтті.
Қатысушылар төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгеріп, жарақат, есінен тану немесе үрей жағдайында қалай дұрыс әрекет ету керектігін және ең бастысы — дәрігерлер келгенге дейін адам өмірін қалай сақтап қалуға болатынын үйренді.
Оқытуды облыстық филиалдың «Қызыл Ай» қоғамының нұсқаушысы Замзагүл Тажибаева жүргізді.
Мұндай тренингтер қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, әр адамның төтенше жағдайда сенімді әрекет етуіне мүмкіндік береді.




