Жаңалықтар
NIS Aktobe оқушылары желілік волейбол спартакиадасында "Үздік қорғаушы" номинациясына ие болды
31 қазан 2025 11:06
Бүгін желілік волейбол спартакиадасының Атыраудағы NIS-те ұйымдастырылған аймақтық кезеңі сәтті қорытындыланды.
Спартакиада қорытындысы бойынша NIS Ақтөбе қаласының оқушылары жоғары ойын үлгісін, команда рухын және спорттық шеберлігін көрсетті.
Нәтижесінде олар «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды:
қыздар арасында — Әдия Ықыласова
ұлдар арасында — Мирас Мәуліт
Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да сәттілік пен жеңіс тілейміз!

